«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында «Абай әлемі: ұлттық құндылықтар мен заман талабындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинар облыс бойынша Абай Құнанбайұлы есімін иеленген мектептер арасында ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу мен жаңа идеялардың алаңына айналды.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи білім беру үрдісіндегі жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.
Дәстүр мен технология тоғысқан бұл алаңда қатысушылар тың бастамалар ұсынып, білім кеңістігіндегі жаңа бағыттарға серпін берді.
Бұл семинар — ұлы мұраны жаңаша көзқараспен зерделеп, оны болашақпен байланыстыруға бағытталған маңызды қадам болды.