Мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргізуде. Лагерьдің алғашқы күндерінен бастап оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Үш күн ішінде балалар танымдық сабақтарға, спорттық жарыстарға, шығармашылық жұмыстарға қатысып, түрлі ойындар мен көңілді бағдарламаларға белсенді араласты. Сонымен қатар кітапханаға саяхат жасап, қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тыңдады.
Лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын пайдалы өткізуге жағдай жасау.
Жазғы лагерь алдағы уақытта да қызықты кездесулерге, танымдық экскурсияларға және жарқын әсерлерге толы болады.
https://schoollsk3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/367-mektep-zhanynda-y-zhaz-y-lager-z-zh-mysyn-bastady.html#sigFreeIdb645a67ac3




